×

Нұрбике Нұрқаділова марқұм күйеуінің ажалы кімнен болғанын айтты

 Ол қоянды да, торғайды да атып көрген адам емес

 Халық үні 07.04.2023 | 23:48

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұқбатында марқұм күйеуінің ажалы өзінен болмағанын мәлімдеді. 

«Бірақ өкінішке орай ажалы адамнан болды деп айтамын. Ажалы өзінен емес. Қайратта халыққа айтып жатыр ажалы өзінен емес, өзін-өзі үш рет ататын адам емес. Ол қоянды да, торғайды да атып көрген адам емес. Мен тау жақтан шыққан адаммын деп жүретін», - дейді бәйбішесі Нұрбике Нұрқаділова. 

Айтуынша, өмірден өтетін кезінде қызы Құралайдың тігін студиясына келіп, кешірім сұраған. 

«Құралай қызым, мен енді жақсы әке болдым ба, жаман әке болдым ба... Кешір», - депті. Құралайдан кешірім сұрады.«Денсаулығым жоқ, денсаулығым нашар», - деген. Ол кезде қызметтен түсіп қалды ғой.«Папа, не менімен тұр, не Қайратқа қайт», - депті Құралай. «Қайтам ғой, қайтам ғой, - деген екен. Сол кезде Құралайдың офисінде түскен суреттері бар. Бұл қыркүйек айы болатын. Қарашада кетіп қалды», - дейді Нұрбике Нұрқаділова. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама