×

Жыл сайын дәрігерлердің үстінен 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалады – министр

Қазақстандықтар көбінесе акушер-гинеколог, хирург, травматологтың жұмысына шағымданады

 Дәурен Ерболат 07.04.2023 | 12:09
Фото: kaztag.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде жыл сайын дәрігерлердің үстінен 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілісте министр «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Заң жобасын әзірлеу үшін соңғы 3-4 жылдағы 14 мыңнан аса жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен және қаралған өтініштерді талдадық. Оның ішінде медицина қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істерге талдау жүргізілді. Жыл сайын медицина қызметкерлеріне кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша 300-ге жуық іс ашылады. Қылмыстық істер көбінесе өлім қаупі бар хирургиялық бейіндегі мамандарға, яғни акушер-гинекологтарға, хирургтарға, травматологтарға, анестезиологтарға қозғалады, - деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, осындай инцидент туындағанда медицина қызметкері жалақысының деңгейі пациенттің денсаулығына келтірілген зиянды өз бетінше өтеуге мүмкіндік бермейді. 

Сондықтан медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау үшін қорлар мен қауымдастықтар (Швеция, Канада, Дания тәжірибесі) құру, сондай-ақ жеке нарықтар (АҚШ, Германия, Жапония, Түркия тәжірибесі) арқылы міндетті сақтандыру жүйесін қолдану керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама