×

Биыл Қазақстанға 11 жаңа ұшақ жеткізіледі

Ұшақтардың саны көбейсе билет арзандайтын болады

 Дастан Жұмабекұлы 06.04.2023 | 17:10
фото: ашық дереккөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов биыл  елімізге 11 жаңа ұшақ жеткізілетінін айтты.

Әуе рейстерінің санын көбейту үшін компаниялармен бірлесіп, ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Былтыр 14-і сатып алынса, биыл 11 ұшақ жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін паркке тағы 42 ұшақ қосылады. Осы орайда ұшақтардың саны 132-ге жетеді, – деді ол Сенаттың еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты өткен жиынында.

Оның айтуынша, ұшақтардың саны көбейген жағдайда тұрақты рейстер артып, билет арзандайтын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама