×

Бразилияда ер адам балаларға балтамен шабуыл жасады: қаза тапқандар бар

Күдікті бұрын сотталған

 Дәурен Ерболат 06.04.2023 | 10:48
Фото: Twitter/Erick Simon

Санта-Катарина штаты Блуменау қаласында ер адам балабақшаға балта ұстап келіп, 4 баланы өлтірді, деп хабарлады CNN.

Қайғылы оқиға 5 сәуірде болған. Қаладағы балалабақшалардың біріне ер адам балта ұстап барған. Ол қоршаудан секіріп түсіп, ойнап жүрген балаларды көрген.

Шабуыл салдарынан 4 бала (3 ұл, 1 қыз) қаза тапты. Олар – 5-7 жаста. 4 бүлдіршін жарақат алған.

25 жастағы күдікті оқиға орнынан ізін суытып үлгерді. Алайда кейін ол өз еркімен полицияға берілген.

Кейбір БАҚ-тың жазуынша, ол бұрын сотталған.

Қайғылы оқиға болған Санта-Катарина штатында 3 күн қаралы күн болып жарияланды. Штатта 7,1 млн адам тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама