×

Көкшетауда мұнара краны құлап, салдарынан ер адам қаза тапты (ВИДЕО)

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Динара Амантай 05.04.2023 | 15:26
Фото: polisia.kz

Көкшетауда құрылыс маңында мұнара краны құлап, салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 11:50-де Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесінде салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама түскен. Оқиға салдарынан облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама