×

Дональд Трамп қамауға алынды

Оған қарсы бірқатар тергеудің бірі –порножұлдыз Сторми Дэниэлске (шын аты - Стефани Клиффордс) пара беруімен байланысты

 Халық үні 05.04.2023 | 00:12
Фото: abc7chicago.com

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Манхэттен округі прокурорының кеңсесінде қамауға алынды. Бұл туралы CNN хабарлады.

«Дональд Трамп қамауға алынды, оған айып тағылуда», - деп хабарлайды телеарна.

CNN Трамп қылмыстық жауапкершілікке тартылған алғашқы белсенді немесе бұрынғы американдық көшбасшы болатынын атап өтті.

Саясаткердің өзі сотқа барар алдында бұл жағдайды «сюрреалистік» деп атады.

«Олар мені тұтқындамақшы. Бұл Америкада болып жатқанына сене алмаймын», - деп жазды Ақ үйдің бұрынғы басшысы әлеуметтік желіде.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама