×

Соққыға жығылған заңгерлер Тұрлыхановтың ұлына талап қойды

Заңгерлер Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан 25 миллион теңге өндіріп алмақ

 Халық үні 04.04.2023 | 21:34
Фото: malim.kz

Алматылық заңгер отбасы Анна Дмитриевич және Олег Чернов Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан 25 миллион теңге өндіріп алмақ, деп хабарлайды Orda.kz. 

«Екеуіміз де - кәсіпқой заңгерміз, сондықтан сот отырыстары біз үшін үйреншікті нәрсе. Ол бізге WhatsApp арқылы хабарласып, кінәсін шаю үшін белгілі бір соммада ақша ұсынды. Біз бұл сұрақ берілген арыз бойынша қылмыстық процесс аясында шешілетінін айттық», - дейді Дмитриевич.

Адвокаттың айтуынша, осынша уақыт өткеннен кейін күдікті Нұрасыл Болат та алғаш рет мәмілеге келуге тырысқан. 

«Біз азаматтық іс бойынша одан моралдық және материалдық шығынды өндіруді жоспарлап отырғанымызды жаздық. Олег үшін 10 миллион және 15 миллион теңге мен үшін талап етеміз. Сонымен қоса, моралдық және материалдық шығынды өтеу тараптардың бітіскенін білдірмейтінін де жеткіздік. Бұл тек сотта айыбын жеңілдететін жағдай ретінде есепке алынады» - дейді ол. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама