×

Павлодарлық атымтай жомарт ауызашарға 7 млн теңге бөлді

Ол жыл сайын Рамазанда қомақты ақша бөледі

 Дәурен Ерболат 04.04.2023 | 17:05
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда жомарт адам ауызашарға 7 млн теңге бөлді. Бұл туралы өңірдің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы айтты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Оның айутынша, қасиетті Рамазан айында мұсылмандар ораза ұстайды.

Осы уақытта жұмақтың қақпасы ашылып, тозақтың қақпасы жабылатыны туралы айтамыз. Алла тілектеріміз бен жақсы амалдарымызды қабылдайды. Кейбір адамдар ауызашар береді. Осындай жомарт азаматтардың бірі жыл сайын өз қаражатының үлкен сомасын бөледі. Бұл жолы 7 млн теңге бөлді.  Күн сайын мешіттегі ауызашарға 160-190 адам жиналады, – деді Жолдас қажы Қоспақұлы кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде.

Бас имам ауызашар уақытында мешіттің есігі барлық адам үшін ашық екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама