×

Қазақстанда ішкі туристердің саны 8 млн-нан асты

Демалыс орындарының да саны артқан

 Дәурен Ерболат 04.04.2023 | 16:37
Фото: adrenalinicsilence.kz

Қазақстанда ішкі туристер саны 8 млн-нан асып, рекорд жаңарды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде ішкі туристер саны 8,6 млн-ға жетті. Осылайша, рекорд жаңарып отыр. Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға көп.

Сондай-ақ демалыс орындарының да саны артып, былтыр туристерді орналастыруға арналған 284 жаңа орын тіркелген.

Қазақстан бойынша олардың жалпы саны 4 мыңға жетті. Бір мезгілдегі сыйымдылық 10 мың бірлікке артып, 203 мыңнан аса төсек-орынды құрады.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың пікірінше, шетелдік қонақтарды тартумен қатар ішкі туризм көрсеткіштері де маңызды.

Мысалы, Қазақстанда бір жылдан астам уақыт бойы Kids go Free бағдарламасы жұмыс істейді. Соның арқасында балаларға Қазақстан бойынша тегін ұшақ билеттері ұсынылады. Сондай-ақ ел ішінде саяхаттайтын азаматтар үшін туристік кэшбек енгізу жоспарланып отыр. Біз қазірдің өзінде бар дестинациялар мен ішкі туризмге деген қызығушылықты арттыру бағытында жұмысты жалғастырамыз, - деді министрдің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама