×

Жетісу облысында ер адам әйеліне балтамен шабуыл жасаған

Полиция тиісті сараптама тағайындады

 Дәурен Ерболат 04.04.2023 | 14:05
Фото: pexels

Жетісу облысында ер адам азаматтық некедегі әйеліне балтамен шабуыл жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқыс оқиға 4 сәуірге қараған түні Кербұлақ ауданының Шаған ауылында болған.

Түнде ауылдан 54 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер әйелдің травматикалық шок алғанын, денесінде көптеген жарақат барын анықтады.

Әйел азаматтық некедегі жұбайының қолынан зардап шекті. Күдіктіні тәртіп сақшылары аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Ерлі-зайыпты бірігіп, ішімдік ішкен. Содан кейін екеуінің арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Ұсталған адамның айтуынша, ол жәбірленушіні балтамен ұрған. Салдарынан әйел дене жарақатын алған. Балта оқиға орнынан табылды. Қажет сараптама тағайындалды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша жүргізіледі, - деді Кербұлақ ауданының полиция басшысы Ербол Ахметқалиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама