×

Ердоған Түркияның тұңғыш электр көлігін иеленді

Президент Togg T10X электрокарының бүкіл әлемде танымал болатынын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 04.04.2023 | 13:00
фото: aa.com.tr

Түрік Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияда жасалған алғашқы Togg T10X электрокарын иеленді. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Автокөліктің кілтін тапсыру салтанаты Анкарадағы Президент кешенінде өтті.

Ердоған Togg-тың тек Түркияда ғана емес, бүкіл әлемде аса танымал болатынын айтып, сенім білдірді.

Іс-шараға Түркия президентінің зайыбы Әмина Ердоған да қатысты.

Айта кетсек, Togg T10X тұңғыш электомобилінің алғашқы сериялық моделін сатып алуға өтінім қабылдана бастағалы 177 467 алдын ала тапсырыс түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама