×

Трамп өз сотына жеке ұшағымен келді (ВИДЕО)

Бұған дейін экс-президент келесі жылы өтетін сайлауға қатысатынын мәлімдеген еді

 Дастан Жұмабекұлы 04.04.2023 | 12:27
фото: ашық дереккөз

Бүгін АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп өзіне қатысты сот отырысына қатысу үшін Нью-Йорк қаласына жеке ұшағымен келді.

Өткен аптада Манхэттен Үлкен қазылар алқасының мүшелері Трамптың қылмыстық іс бойынша ресми түрде айып тағылуын дауысқа салды. Трамптың өзі бұл жағдайды «саяси қудалау» деп атады. Ол осыған дейін де өзіне тағылып отырған айыптаулардың негізсіз екенін мәлімдеген еді.

Ал АҚШ президенті Джо Байден әзірше осы оқиғаға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Трамп ел тарихында қылмыстық іс бойынша айып тағылған алғашқы экс-президент болып отыр.

Бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті 2024 жылы өтетін сайлауға қатысатынын мәлімдеп, былтыр қараша айында президент сайлауына түсуге ресми өтінішін берген болатын.

Қазір Трамптың сайлаудағы алғашқы бәсекелесі де белгілі болды. Ол – Оңтүстік Каролина штатының бұрынғы республикашыл губернаторы және АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болған Никки Хейли.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама