×

Президент тапсырмасын тез және жүйелі орындау керек – Әлихан Смайылов

Үкімет экономиканың барлық саласын дамытуды жоспарлап отыр

 Дәурен Ерболат 04.04.2023 | 09:50
фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа тағайындалған орынбасарлары мен министрлерге сәттілік тілеп, мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындауға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып Роман Скляр тағайындалды. Мұрат Нұртілеу gремьер-министрдің орынбасары – Cыртқы істер министрі, Ерлан Жамаубаев премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі, Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, Ғалымжан Қойшыбаев – премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы, Алтай Көлгінов – премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Кейбір министрлер де бұрынғы лауазымына қайта тағайындалды. Руслан Жақсылықов – Қорғаныс министрі, Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі болды.

Сіздерді құттықтаймыз және жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз, - деді премьер-министр.

Әлихан Смайылов президент берген тапсырмаларды тез және сапалы орындау керегін атап өтті.

«Парламент сессиясының ашылуында мемлекет басшысы алдағы 5 жылда жан-жақты жаңғырту жұмыстарын күшейтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына серпін беру туралы біздің алдымызға маңызды міндеттерді қойды. Біз тез арада шешімі табылуы тиіс мәселелер бойынша шұғыл шараларды айқындап, экономиканың барлық саласын дамытуға жүйелі жұмыстарды мықтап қолға алуымыз керек», - деді премьер.

Отырыста министрлер президент тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды талқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама