×

Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Алты ай бойы Денис Покотиленконы іздеу шаралары жүргізілді

 Халық үні 03.04.2023 | 23:40
© AFP 2023 / SANJAY KANOJIA

Денис Покотиленконы іздеу жұмыстары жарты жылға созылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Алты ай бойы Денис Покотиленконы іздеу шаралары жүргізілді. Іздестіруді тоқтата тұрғанның өзінде оның аман-есен табылатындығына үміттенген едік. Өкінішке орай, кеше оның денесі табылғанын білдік», – дейді «Vita» еріктілері.

Денис Покотиленко 2022 жылы 13 қазан күні баласын балабақшаға апарғаннан кейін жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Ер адам бұған дейін ешбір себепсіз жұмыстан да қалып көрмеген.

Ұшты-күйлі жоқ болып кеткен азаматтың туыстары, еріктілер мен полиция қызметкерлері Екібастұздағы барлық аумақты тексерген болатын, тіпті, кинологтар жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама