×

Финляндияның НАТО-ға мүше болуын ұйымның барлық елдері қолдады

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ел Парламентінің шешімін мақұлдады

 Дастан Жұмабекұлы 03.04.2023 | 11:21
фото: ашық дереккөз

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ел Парламентінің Финляндияның НАТО-ның құрамына кіру туралы өтінішін ратификациялау туралы шешімін мақұлдады.

Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Түркияның Парламенті 31 наурызда тиісті хаттаманы бекіткен еді.

Финляндия 2022 жылдың мамырында Швециямен одаққа қосылуға өтініш білдірді. Елдердің одаққа мүшелігін осыған дейін тек Түркия ратификацияламаған болатын.

Қазір НАТО-ға 30 мемлекет мүше саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама