×

Бибісара Асаубаева Гран-приде бірінші орында келеді

Бүгін шахматшы грузиялық Нана Дзагнидземен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 03.04.2023 | 10:08
фото: ашық дереккөз

Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Гран-придің сегізінші турынан кейін 1-орнын сақтап қалды. Жарыстың келесі күні Бибісара Асаубаева турнирдің басты фавориттерінің бірі – қытайлық Чжу Цзиньэрмен тең ойнады.  

Осы тең ойын Асаубаеваға Гран-придің үшінші кезеңінен кейін бірінші орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Қазір шахматшыда 5 ұпай бар: Ол 4 рет жеңіп, екі рет тең ойнап, бір рет жеңілген. Одан кейін Чжу Цзиньер (4,5), ресейлік Александра Горячкина мен Катерина Лагно келеді. Соңғы екеуінде де 4 ұпай бар.

Бүгін Бибісара Асаубаева рапидтен 2017 жылғы әлем чемпионы, грузиялық Нана Дзагнидземен кездеседі. Қазір Грузияның өкілі 8-орында тұр. Үндістанда өтіп жатқан Гран-придің 3-кезеңі 5 сәуірде аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама