×

Алматы мен Самарқанд арасында тікелей рейстер қайта ашылды

Рейстер аптасына 2 рет А-320 типті әуе кемелерінде орындалады

 Динара Амантай 03.04.2023 | 10:23
Фото: drikus.club

Алматы мен Самарқанд арасында тікелей рейстер қайта ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде биыл 18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілген.

Рейстерді «FlyArystan» компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) А-320 типті әуе кемелерінде орындайды.

Бұл халықаралық бағыттың қайта іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама