×

Танымал туристік кешенде әуе шары өртеніп, 2 адам көз жұмды

 Халық үні 03.04.2023 | 06:43
Фото: taulik.kz

Мексикада әуе шары өртеніп, 2 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біреуі жарақат алды. Оқиға дүниежүзілік мұра тізіміне қосылған ежелгі қала – Теотикуан туристік кешенінде болған.

Мұндағы Күн мен Ай пирамидаларын жоғарыдан көру үшін туристер әуе шарына мінеді. Тек бұл жолғы саяхатышлардың жолы болмады. Шар ішіндегі үшеу төмен секірген. 50 жастағы ер адам мен 38 жастағы әйел опат болды. Ал жасөспірім отқа күйіп, қолын сындырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама