×

Ақтауда бір мезетте екі қызды көлік қағып кетті

16 және 22 жастағы екі қыз зардап шекті

 Халық үні 02.04.2023 | 23:47
Фото: Lada.kz

Ақтауда бірден екі қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Lada.kz

Басылым мәліметінше, оқиға 1 сәуірде сағат 23.20 шамасында 15-шағынауданда болған. Оқиға орнына полицейлер мен жедел-жәрдем қызметкерлері келген. 

Lada Kalina жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. 16 және 22 жастағы екі қыз зардап шеккен. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді.   

Ал жүргізушіге әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына жеткізілді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама