×

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы қаланың дәл іргесінде орналасқан

 Еркеғали Болатұлы 02.04.2023 | 17:57
фото: pexels.com

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2 сәуірда Алматы уақыты бойынша сағат 16:56:14-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.2.
  • MPV магнитудасы – 3,6.
  • Эпицентр координаттары – 43,07 солтүстік, 76,81 шығыс.
  • Тереңдігі – 10 шақырым.

MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында 2 балл сезілген.

Факт тіркелді. Біз жедел ақпаратты алдық. ТЖМ мониторинг жүргізіп жатыр. Жер сілкінісінің қандай да бір салдары туралы ақпарат түскен жоқ. Жалпы 2-3 балл – аталмыш өңір үшін қалыпты жағдай, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама