×

Алматыда мұғалімге қысым көрсеткен мектеп-интернат директоры қызметінен кетті

Директор мұғалімді зорлаған

 Халық үні 31.03.2023 | 22:34
Фото: orda.kz

Мектеп-интернат директоры сексуалдық жанжалдан соң қызметінен кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Аз қамтылған отбасы балаларына арналған №10 мектеп-интернаты директоры міндетін атқарушы жанжал кесірінен қызметінен кетті. Оған бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Тәжібаеваның ток-шоулардың бірінде сөйлеген сөзі себеп болды. Қызметкердің айтуынша, мекеме басшысы жұмыс орнында балағаттап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.

Мәлімет бойынша, ер адам алдымен жұмыс орнында екіұшты ұсыныс жасай бастаған, кейін қызметтік жағдайын пайдаланып, оны дәмханаға шақыруға мәжбүрлеген. Сол кезде ол мектеп-интернат директоры қызметін атқарушы болған. Әйел бас тарта алмай, болмашы жалақыдан 35 000 теңгесін қиып, басшысын асқа шақырады. Мұғалімнің айтуынша, сол күнгі кездесу зорлаумен аяқталған.

«Ол маған қарсы келіп, шешіне бастады. Мен жыладым, қарсылық көрсеттім, тиіспеуін өтіндім, бірақ ол мені тыңдамай, зорлады», - дейді Гүлмира Тәжібаева көзіне жас алып.

Ұстаз бастықтың кек алуынан қорқып, сұмдық оқиғаны құқық қорғау органдарына хабарламаған. Содан кейін ер адам бірнеше ай бойы бағыныштысын басынуды жалғастырып, бір рет әбес жыныстық қатынасқа түсуді сұраған. Гүлмира оны қалай істейтінін білмейтіндігін айтады. Ал директор болса оған үйрену керек екенін айтқан. Салдарынан нәпсіқұмарлық пен қорқытудан шаршаған ұстаз «Ащы шындық» ток-шоуына жүгінген.

«Аманқос Үрметұлында әдептілік, адамдық қасиет жоқ. Бірде ол мені кеңсесіне шақырып, оған минет жасауды талап етті. Мұны естігенде жүрегім тоқтап қала жаздады. Қан қысымым 220-ға көтеріліп, ауруханаға түстім. Түні бойы ұйықтай алмадым, жылап жібердім. «Ащы шындық» бағдарламасына баруға қатты ұялдым, қазақпыз ғой, мені бәрі айыптайтынын білдім. Бірақ бұдан былай үндемей жүре алмадым, осында әділдік іздеп келгеніме қуаныштымын. Өз қайғымды бүкіл елмен бөліскенім жеңіл болды. Ештеңеге  өкінбеймін», -дейді ол.

Бағдарлама студиясында заңгерлер Айдын Нұрмұхамбет пен Мейірман Шекеевтің көмегімен ұстаз Алматы қалалық әкімдігіне арыз жазды.

Ал түсірілімнен кейін телестудиядан шыққан ер адам жұмыстан кету туралы арыз жазып, бағдарлама журналистеріне тапсырған. Келесі күні «Ащы шындық» бағдарламасында өз бейнесін бағдарламада да, әлеуметтік желіде де көрсетпеуді талап етіп, сотқа дейінгі шағымын жолдаған. Мектеп директоры мен өзге де мұғалімдердің мүддесін қорғаған заңгер Дина Сәдуақасова жобаның продюсері Ғазиза Райымбекпен кездесіп, оның қызметкерлері бейнеленген материалды эфирге шығаруға тыйым салуды талап етті. Енді барлық арыз-шағым шешімін тауып, нақтыланып, дау толық шешілгенге дейін редакция хабар таратуды уақытша тоқтатты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама