×

Ақтауда көлік жүргізіп келе жатқан ер адам қайтыс болды

Жүргізуші сол жерде қайтыс болды

 Халық үні 31.03.2023 | 06:18
фото: ашық дереккөзден

Ақтауда көлік жүргізіп келе жатқан азамат жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды. 

Ведомство мәліметінше, оқиға 30 наурыз күні сағат 09:45 шамасында болған. 3 Б шағынауданында «Chevrolet Cruze» автокөлігінің жүргізушісі тұрақта тұрған «Chevrolet Lacetti» көлігіне соқтығысқан.

«Анықталғандай, «Chevrolet Cruze«жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, жол-көлік оқиғасына жол берген. Алдын ала болжам бойынша, қозғалыс кезінде оның жүрек талмасы ұстап қалған. Жүргізуші сол жерде қайтыс болды», - делінген баспасөз мәліметінде.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама