×

GGG-Мурата арасындағы кездесу уақыты кейінге шегерілді - ESPN

Жапонияда «омикрон» штамының таралуына қарсы жаңа шектеулер енгізілді

 Халық үні 03.12.2021 | 13:20
фото: lapelotita.com

IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері - жапон боксшысы Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жектің уақыты өзгерді.

ESPN мәліметі бойынша, Жапонияда коронавирустың жаңа штамына қатысты енгізілетін шектеулерге сәйкес шетелдіктерге кіруге тыйым салынады. Бұл шаралар «омикрон» штамының таралуына қарсы күресу үшін қабылданған.

GGG үшін 29 желтоқсанда өтетін кездесу - DAZN платформасымен жаңа келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жек. Оған қоса, Геннадий Головкин биыл алғаш рет шаршы алаңға шығуға тиіс еді. Ресми тұлғалар Жапония үкіметінен келісімге келе алмады. Осылайша, 29 желтоқсанда өте деп жоспарланған Токиодағы жекпе-жек келесі жылға ауыстырылмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама