×

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 2 мыңнан аса адам грант алды

Өтінімдердің ең көбі Түркістан облысынан түскен

 Динара Амантай 30.03.2023 | 11:57
Фото: gov.kz

Елімізде 15 мыңға жуық көпбалалы отбасы мемлекеттік грант алуға өтініш берген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар бөлу жөніндегі бірінші ағымның қорытындысы бойынша 2 169 грант берілген. Бірінші ағым аясында барлығы 2 577 грант беріледі.

Үміткерлерден барлығы 24,2 мың, оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 14,9 мың, мүгедектігі бар адамдардан – 3,9 мың, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдардан – 2,8 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан – 1,4 мың өтініш қабылданды. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған 898 адам, 69 қандас және 234 қоныс аударушы өтініш берді.

Өтінімдердің ең көбі Түркістан облысының (5,2 мың) және Шымкент қаласының (3,1 мың), ең азы Ұлытау облысының (155) және Қостанай облысының (272) үміткерлерінен келіп түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама