×

Алматының вокзалдары «Қазақстан темір жолына» қайтарылады

Биыл Түркісіб ауданының құрылғанына 85 жыл болады

 Дастан Жұмабекұлы 30.03.2023 | 10:59
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түркісіб ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп жатыр. Кездесуде қала әкімінен тұрғындардың бірі Түркісіб ауданының 85 жылдық мерейтойына дайындық жөнінде сұрады.

Оған қала әкімі ауданның мерейтойына дайындық лайықты деңгейде болатынын, «Алматы-1» вокзалының маңы қайта жөнделіп, көпқабатты автотұрақтың салынатынын айтты. Онымен қоса Ерболат Досаев көпшілікке «Алматы-1» және «Алматы-2» вокзалдары «Қазақстан темір жолы» компаниясының меншігіне қайтарылатынын хабарлады.

Мен «Алматы-1» және «Алматы-2» вокзалдарын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қайтару туралы шешім қабылдадым. Менің ойымша, бұл – дұрыс шешім, – деді ол.

Кездесуде әкім «Алматы-1» вокзалымен бірге «Алматы-2» вокзалында да күрделі жөндеу болатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама