×

Түркістанда 4 күн бұрын жоғалған 11 жасар қыз видеоға түсіп қалған

Видеода Інжу Ескермес құрбысымен бірге жолдың бойымен кетіп бара жатыр

 Халық үні 29.03.2023 | 22:26
Фото: БҚО ТЖД

Түркістан қаласында жоғалған 11 жасар қыз құрбысымен бірге видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасы.

Видеода Інжу Ескермес құрбысымен бірге жолдың бойымен кетіп бара жатыр. Одан кейінгі кадрда құрбысы кері қарай жүгіріп барады.

«Жедел басқару орталығына қосылған бейнежазбаларды зерделеу барысында Інжудің аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды. Інжумен бірге ойнаған көрші қызбен бірнеше рет сөйлесу кезінде екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғаны, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғаны анықталды», - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде полицейлер жаңа мәліметтің негізінде қайта жоспар құрып, іздеу жұмыстарына құтқарушылар тартылды. Айта кетері, Інжу 25 наурыз күні сағат 17:00-дің шамасында үйінен ойнауға шыққан. Бірақ қайтып келмеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама