×

Корея шекарасынан заңсыз өткен отандасымыз полицияға өз еркімен барды

Отандастарымызға қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі

 Дастан Жұмабекұлы 29.03.2023 | 10:02
фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяның Инчхон әуежайында шекараны заңсыз кесіп өткен тағы бір Қазақстан азаматы полицияға өз еркімен берілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде болған Қазақстанның екінші азаматы Кореяның полициясына өз еркімен берілді. Осы мәселені Қазақстан елшілігі ерекше бақылауда ұстап отыр. Отандастарымызға қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсететін болады, – деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін хабарланғандай, Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткен еді. Кейін олардың бірін жергілікті полиция ұстады, ал екінші отандасымыз іздеуде болған.

Сыртқы істер министрлігі осы оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырғанын және оны жергілікті БАҚ та кеңінен жариялағанын, бұл жағдай болашақта Қазақстан азаматтарының Корея еліне бару тәртібін қатаңдатуға итермелеуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама