×

Биыл жергілікті жолдарды жөндеуге 353 млрд теңге бөлінеді – ИИДМ

Республикалық жолдардың 92%-ы талапқа сай келеді

 Дәурен Ерболат 28.03.2023 | 15:29
Фото: pravdapfo.ru

2023 жылы жергілікті жолдарды жөндеуге 353 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 95 мың шақырым: 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар, 70 мың шақырымы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар.

Биыл құрылыс-монтаждау жұмыстары жалпы пайдаланымдағы 11 мың шақырымнан аса автожолда жүргізіледі. Республикалық желі бойынша 3,6 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жалғасады. Соның 856 шақырымын аяқтаймыз. Күрделі және орташа жөндеумен 3,4 мың шақырым жол қамтылады, - деді Амангелді Беков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

2023 жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша – 92%-ға және жергілікті желі бойынша 87%-ға дейін жеткізіледі

Бүгінде 70 мың шақырым болатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 59,5 мың шақырымы (85%) – нормативті жағдайда. Биыл жергілікті маңызы бар жолдарды салуға, реконструкциялауға және жөндеуге 353 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 4 мың шақырым жолда жұмыстар жүргізіледі деп жоспарланған. Осылайша, жергілікті жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 87%-ға жеткізіледі, - деді комитет төрағасы.

Айта кетейік, бұған дейін ақылы жолдарға «Сергек» камералары орнатылатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама