×

Меккеге бара жатқан автобус аударылып, 20 адам қаза тапты

Апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болған

 Еркеғали Болатұлы 28.03.2023 | 14:05
фото: al-omana.net

Оқиға кеше, яғни 27 наурызда Сауд Арабиясының оңтүстік-батыс аймағында – Асир провинциясындағы Акабат-Шаар деген жерде түстен кейін сағат 16:00 шамасында болған. Бұл туралы Arabnews хабарлады.

Автобус Хамис Мушайттан шығып, Абхаға бет алған екен. Апат салдарынан қажылыққа бара жатқан 20 адам қаза тауып, 29-ы жарақаттанған.

Кей мәліметтер бойынша, апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, қоршауға соғылған. Содан кейін автобус аударылып, өртеніп кетіпті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы полициясының мәліметін айтып, зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама