×

Шала туған нәресте Павлодарға тікұшақпен жеткізілді

Оның салмағы 1 келіге де жетпейді

 Дәурен Ерболат 27.03.2023 | 16:40
Фото: pavlodarnews.kz

Шала туған нәресте Екібастұздан Павлодарға тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Екібастұз перзентханасынан жаңа туған нәрестені тасымалдауға өтінім 26 наурызда сағат 16:00 шамасында түскен. Бала жүктіліктің 25-аптасында дүниеге келді. Оның салмағы – 950 грамм.

Нәрестені Екібастұздан алып кету үшін білікті неонатолог және медбике бар тікұшақ жіберілді. Бригада жаңа туған нәрестені тасымалдауға қажет кувезбен және басқа жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сағат 19:15-те нәресте облыстық перинаталды орталыққа жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.

Шала туған нәресте қазір дәрігерлердің бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама