×

Заңдастырылған шетелдік көліктердің 67%-ы Ресейден – ІІМ

Жалпы 70 мыңға жуық шетелдік көлік заңдастырылған

 Ербол Тұрымбет 27.03.2023 | 11:43
Фото: Halyq Uni

2022 жылдың қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүріп жатыр. Өтініштер барлық ХҚКО-ында және электронды сервис арқылы қабылданады. Сондай-ақ, азаматтарға арналған электронды үкімет порталында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді, деп хабарлайды Halyq Uni.  

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, қаңтардың 23-і мен наурыздың 26-сы аралығында 69 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды. Оның ішінде 67%-ы Ресейден, 19%-ы Армениядан, шамамен 10%-ы Қырғызстаннан, 2%-ы Грузиядан. 

Сонымен қатар, қосалқы бөлшектер ретінде жаратуға әкелінген автокөліктерді де заңдастыру бағыттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасы әзірленген. Ол жария талқылаудан өтіп, қазір қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісімге жіберіледі. Одан соң Үкіметке енгізіледі. 

Комитет төрағасының сөзінше, әзірге көліктің автоконструтор түрі бойынша бір де бірі заңдастырылмаған. Жалпы, автоконструкторлар көптен талқыланып келе жатқанымен көліктің ондай түрін заңдастыру мүлде қарастырылмаған. 

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, халықтың, автокөлік иелерінің қалауына қарай мемлекет те бет бұрып, жоғарыда айтылған қаулы жобасына осындай көлік түрлерін заңдастыру да кіргізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама