×

Ресей QAZAQ AIR-ді аумағына кіргізбей қойды

Салдарынан Новосібір қаласына рейстер уақытша тоқтатылды

 Ербол Тұрымбет 26.03.2023 | 16:16
фото: taunews.kz

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 26-29 наурыз аралығында Астана – Новосібір, Өскемен – Новосібір бағыттарындағы рейстердің орындалмайтыны туралы хабарлады.

Әуе компаниясы таратқан хабарламаға сүйенсек, аталған бағыттар бойынша рейстер Ресей авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшуларды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты уақытша тоқтатылған.

Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылды.

Әуе компаниясы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Сондай-ақ барлық жолаушыларды кестенің алдағы өзгерістері туралы хабардар етіп отырмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама