×

Қазақстан алдағы онжылдықта ауызсу тапшылығы қаупі өте жоғары елдер тобына кіреді

Қазір 2 миллиард адам таза суға жете алмай отыр

 Ербол Тұрымбет 26.03.2023 | 14:20
фото: ашық дереккөз

Statista деректері көрсеткендей, 2022 жылдың қыркүйегінде сайт талдаған 92 елдің деректеріне сәйкес, 1,5 литрлік су бөтелкесі дүние жүзінде орташа есеппен 0,70 доллар немесе 300-350 теңге тұрады.

Tengenomika Telegram-арнасының жазуынша, бөтелкедегі су ең қымбат нарықтар – Аустралия мен Филиппинде бір құтысы 2,02 доллар тұрады. Сингапур, Уругвай, Пуэрто-Рико және Норвегияда да баға тым жоғары. Бұл елдерде 1,5 литр бөтелкедегі судың бағасы 1,59-дан 1,74 долларға дейін барады. Екінші жағынан, ең төменгі бағалар Мысыр пен Тунис сияқты елдерде екен. Олардағы баға 0,14 және 0,20 доллар аралығында. Иран мен Бангладеште де бір бөтелке суды 0,25 доллардан аз бағаға сатып алуға болады.

Айта кетсек, 22 наурызда БҰҰ Дүниежүзілік су күнін атап өтті. Ұйым мәліметінше, қазір 2 миллиард адам таза суға жете алмай отыр.

Болжам бойынша, 2040 жылға қарай 44 ел су стресінің «өте жоғары» немесе «жоғары» деңгейіне тап болады. Қазақстан соның ішінде су стрессінің «өте жоғары» қаупі бар елдер тобына кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20