×

Ақмола облысында ет жеген ер адам көз жұмды

Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама кезінде анықталады

 Халық үні 24.03.2023 | 22:29
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында ер адам кенеттен қайтыс болды. Қазір тәртіп сақшылары бұл фактіні тексеріп жатыр, деп хабарлайды аймақтық ПД баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, сәрсенбі, 22 наурыз күні Сандықтау ауданының полиция бөліміне учаскелік инспектордан Ақмола облысы ауылдарының бірінде Астана тұрғынының қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам ет жеп отырғанда қақалып, тұншыға бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім механикалық асфиксия салдарынан, яғни тыныс алу жолдарында қалған тағамнан болған.

Тәртіп сақшылары ер адамның ауылға қонаққа келгенін де анықтаған. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама кезінде анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама