×

Шахтинскте полицейлер жаппай төбелес кезінде оқ атты

Видеода төбелеске қатыстан ондаған жігіт атылған оқтан қорқып жан-жаққа қашады

 Халық үні 23.03.2023 | 21:38
Фото: 24.kz

Шахтинскте куәгерлер көңіл көтеретін орынның маңында болған жас жігіттердің төбелесін видеоға түсіріп алған. Оқиға кезінде атылған оқтың дауысы естілген, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде төбелестің видеосы тарады. Видеода төбелеске қатыстан ондаған жігіт атылған оқтан қорқып жан-жаққа қашады.

Қарағанды облысы полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, жанжал бір топ жас жігіттің арасында 22 наурызда болған.

«22 наурызда 23.50-де Шахтинск қаласы полиция бөліміне түнгі мекеменің маңында төбелес болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полицейлер төбелестің белгісіз адамдар арасында болғанын анықтады. Полицейлердің бірі ауаға оқ атып, ескерту жасаған. Төбелестің барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама