×

Бокстан ӘЧ: Карина Ибрагимова екі дүркін әлем чемпионын жеңіп, финалға шықты

Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта екі дүркін әлем чемпионы, тайбэйлік Линь Юйтинмен жұдырықтасты

 Халық үні 23.03.2023 | 20:16
Фото: sports.kz

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Карина Ибрагимова финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бес және бір жыл бұрын дүниежүзілік додада қола жүлдегер атанған Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта екі дүркін әлем чемпионы, тайбэйлік Линь Юйтинмен жұдырықтасты.

Бәсеке өте қызу өтіп, алғашқы екі раундта Каринаның сәл басымдылығы байқалды. Карина Ибрагимова үшінші кезеңде де сол қарқынынан танған жоқ.

Осылайша, екі дүркін әлем чемпионын жолдан тайдырған К.Ибрагимова енді алтын үшін таласады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама