×

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды

 Динара Амантай 23.03.2023 | 14:24
Фото: t.me/KZgovernment

Дизель отынының қоры 1 қаңтардан 1 наурызға дейін 241 мың тоннадан 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшыларының қатысуымен Қазақстанның энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда ірі халықаралық инвесторларды тарту, жаңа энергия өндіруші қуаттарды (жылу, электр энергиясы) іске қосу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жоспарлар талқыланды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету шараларын қарастырды.

 I тоқсанда бензин, дизель отыны және сұйытылған газ өндірісі бекітілген жоспардан асып түсті. Атап айтқанда дизель отынының қоры 1 қаңтардан 1 наурызға дейін 241 мың тоннадан 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Қазір жанар-жағармай материалдары бірінші кезекте егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, содан кейін жанармай құю станциялары мен әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарға жіберіледі. Оған қоса, кейбір өңірде тұтыну деңгейінің өте жоғары болуына байланысты отын жетіспей жатады. Осыған байланысты Энергетика министрлігі қажетті қорды толықтыру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Бұдан басқа орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада отын өндіру мен тұтыну балансын ескере отырып, газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама