×

Шымкент пен Таразда тағы да жер сілкінді

MPV магнитудасы - 6,5

 Халық үні 23.03.2023 | 07:25
фото: tengrinews.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 наурыз күні сағат 02:07 кезінде жер сілкінісін тіркеді. 

Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.1. MPV магнитудасы - 6,5. Эпицентр координаттары - 39.27° солтүстікке қарай - 69.80°. Тереңдігі - 25 шақырым», - деп жазды стансаның кезекші диспетчері.

МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Қазақстанның Шымкент, Тараз қалаларында, Түркістан облысында 2-3 балл шамасында сезілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Министр жұмыртқа бағасына қатысты пікір білдірді

Ербол Қарашөкеев бағаның сұранысқа байланысты екенін айтты
27.05.2023 | 13:51

Фермелерге 7,5 млрд теңге төленді: кей өтінім неге мақұлданбады

Өңірлердің ауыл шаруашылығы басқармаларында 9 027 өтінім түсті
27.05.2023 | 13:18

Шымкентте клиент массажисті қорқытып, тонап кеткен

Күдікті тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұсталды
27.05.2023 | 12:35

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ-да ішкі аудит: бірқатар басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды

Барлық жол-пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметі тексеріліп жатыр
27.05.2023 | 12:04