×

Киев тұрғындары қазақтың киіз үйінде Наурыз мейрамын тойлады (ВИДЕО)

Киевтегі 50 мыңнан аса украиндық киіз үйді аралап, қазақ мәдениетімен танысты

 Еркеғали Болатұлы 22.03.2023 | 15:20
фото: Orda.kz

Наурыз мейрамы Киевте орнатылған қазақтың киіз үйлерінде тойланды.

Киіз үйлердің жанында оркестр ойнап, мерекеге қатысқан Украина астанасының мэрі Виталий Кличко құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстанға украин халқына көмектескені үшін алғыс айтып, барша жұртты мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ Кличко Киевтегі 50 мыңнан аса украиндықтың киіз үйді аралап, қазақ мәдениетімен танысқанын атап өтті. Ол киіз үй Қазақстанға жер аударылып, Арал теңізін зерттеген капитан Бутаковтың атақты экспедициясына қатысқан Тарас Шевченко атындағы саябақта орналасқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама