×

Қазақстанның 9 боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына 9 қазақстандық боксшы өтті

 Халық үні 22.03.2023 | 08:40
Фото: bassport.kz

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына 9 қазақстандық боксшы өтті, деп хабарлайды bassport.kz.

Кеше жарыс жолына шыққан бес боксшының төртеуі келесі кезеңге өтті. Тек 63 келіге дейін салмақтағы Аида Әбікеева қытайлық Ченьгю Янға есе жіберді. Оның алдында Назым Қызайбай мен Жазира Орақбаева бірінші айналымнан кейін чемпионатпен қоштасқан.

Ширек финалға шыққандардың қатарында Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Мәдина Нұршаева, Карина Ибрагимова, Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Надежда Рябец, Ләззат Күнгейбаева, Фариза Солтай бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Министр жұмыртқа бағасына қатысты пікір білдірді

Ербол Қарашөкеев бағаның сұранысқа байланысты екенін айтты
27.05.2023 | 13:51

Фермелерге 7,5 млрд теңге төленді: кей өтінім неге мақұлданбады

Өңірлердің ауыл шаруашылығы басқармаларында 9 027 өтінім түсті
27.05.2023 | 13:18

Шымкентте клиент массажисті қорқытып, тонап кеткен

Күдікті тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұсталды
27.05.2023 | 12:35

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ-да ішкі аудит: бірқатар басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды

Барлық жол-пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметі тексеріліп жатыр
27.05.2023 | 12:04