×

Мемлекет басшысы Израиль президентімен екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Екі елдің сауда-экономикалық байланысы нығая береді

 Дастан Жұмабекұлы 20.03.2023 | 16:07
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль тарапының бастамасымен осы елдің президенті Ицхак Герцогпен телефонмен сөйлесті.

Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын алдағы Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Өз кезегінде мемлекет басшысы Израиль президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, Песах мейрамы қарсаңында Израиль халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар президенттер Қазақстан мен Израильдің сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылады. Әңгіме кезінде екіжақты тауар айналымының көлемі арта бастағаны атап өтілді. Сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңыздылығы айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама