×

Алматыда есірткі сатушы қылмыс кезінде ұсталды (ВИДЕО)

Заңсыз айналымнан шамамен 121 келі есірткі, оның ішінде 6,5 келі синтетика тәркіленді

 Дастан Жұмабекұлы 20.03.2023 | 13:59
фото: polisia.kz

Алматы қаласының полиция департаменті есірткі сатумен айналысқан адамды ұстады. Ол Алматы облысынан келіп, есірткі сатумен айналысқан. Полиция оны қылмыс кезінде ұстаған. Күдіктіден мефедрон салынған 265 түрлі-түсті орама тәркіленді.

Полицияның хабарлауынша, ол былтырдан бері есірткі сатумен айналысып келген. Өткен жылы курьер болып, есірткі таратып жүрген. Содан кейін ол синтетикалық және психотроптық заттарды сатумен айналыса бастаған.

Күдікті салмағы 200 грамнан асатын ірі көлемдегі орамаларды әзірлеген. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде «мефедрон» деген жазуымен 500 грамм ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған үлкен пакет, таразы, 400 zip-lock пакеті, 43 түрлі-түсті изолента мен қағаз жапсырмалар, 105 дайын есірткі орамдары тәркіленді. Осы операцияның нәтижесінде полиция 1 келі 400 грамм синтетикалық есірткіні саудаға жібермеді.

Жалпы, өткен аптада тәртіп сақшылары ел бойынша 124 есірткі құқық бұзушылығын анықтады.

Заңсыз айналымнан шамамен 121 келі есірткі, оның ішінде 6,5 келі синтетика тәркіленді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама