×

Алматы мен Баку арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмыс жалғасады

 Дәурен Ерболат 20.03.2023 | 10:52
Фото: freepik.com

«Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға ұша бастады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Қос қала арасында әуе рейсі министрліктің қолдауымен ашылды. Ұшақтар Бакуден Алматыға аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) ұшады.

16 наурызда «Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге ұшатын рейсті ашқан, - деп жазылған хабарламада.

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтің айтуынша, Алматы – Орталық Азиядағы ең ірі және дамыған қаланың бірі.

Шаһар туризм жағынан да тартымды. «Әзербайжан әуежолдарының» өкілдері бұл пікірмен келіседі. Министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады, - деді ол.

Бұған дейін Астана мен Баку қалалары арасындағы рейстер санының артатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама