×

Астана мен Баку қалалары арасындағы рейстер саны артады

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастық одан әрі дами түседі

 Динара Амантай 16.03.2023 | 10:42
Фото: stan.kz

Биыл 2 маусымнан бастап «Fly Arystan» тасымалдаушысы Қазақстан мен Әзербайжан Республикасының астаналары арасында тұрақты жолаушылар рейстерін алғаш рет іске қосады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, рейстер «Эйрбас-А320» әуе кемелерінде дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет орындалатын болады. Бұл әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді «Azerbaijan Airlines» әуекомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен орындайды.

Сонымен қатар, қазір Әзербайжан Республикасына тұрақты рейстерді Алматы – Баку бағыттары бойынша «Эйр Астана» әуе компаниясы аптасына 2 рет, Ақтау – Баку «Fly Arystan» және «Azerbaijan Airlines» әуе компаниялары аптасына 3 рет, сондай-ақ Ақтөбе-Баку «Qazaq Air» әуе компаниясы аптасына 2 рет орындайды. Осылайша, елдер арасында орындалатын тұрақты рейстер саны аптасына 14 рейске дейін артады.

Екі астана арасындағы рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама