×

Президент Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді

 Динара Амантай 20.03.2023 | 10:19
Фото: t.me/RRaketkasi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны әлемдік турнирдегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін! – деп жазды президент Instagram-дағы парақшасына.

Еске сала кетсек, қазақстандық спортшы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған. Ол финалда әлемнің екінші ракеткасы Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

Сондай-ақ қазақстандық спортшы алғаш рет әлемдік рейтингте 7-орынға көтеріліп отыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама