×

Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жеңімпазы атанды (ВИДЕО)

Теннисші финалда әлемнің екінші ракеткасы Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті

 Халық үні 20.03.2023 | 06:42
Фото: Sports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Рыбакина финалда әлемнің екінші ракеткасы Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Е.Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Есеп – 7:6 (13:11).

Ол екінші сетте де ол 6:4 есебімен жеңді.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. А.Соболенко 4 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Е.Рыбакина А.Соболенкодан Австралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды.

Сондай-ақ Елена Рыбакина алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтеріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама