×

Сайлау – 2023: полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Бүгінде сайлау учаскелерінде тәртіп бұзу дерегі тіркелген жоқ

 Дәурен Ерболат 19.03.2023 | 10:15
Фото: vlast.kz

Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. бүгінде Қазақстан бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 45 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылды. Сайлау өтетін орындарда жедел әрекет ету үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Бюллетеньдер әкелінгенге дейін барлық сайлау учаскесінің қауіпсіздігі тексерілді. Полиция бюллетеньдерді сайлау учаскелеріне жеткізу барысын бақылады, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Оның айтуынша, сайлау туралы заңның 39-бабына сәйкес полиция қызметкерлерінің сайлау өткізу процесіне араласуға, сондай-ақ дауыс беруге арналған орында болуға құқығы жоқ.

Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті бұзудың дерегі анықталғанда полиция тек комиссия төрағасы шақырылғанда әрекет етеді. Бүгінде жалпы елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ, - деді комитет төрағасы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан азаматтары Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама