×

Sapar мобильді қосымшасы PlayMarket және AppStore-да жүктеуге қолжетімді болды

Қосымшада жолға қатысты барлық өзекті ақпарат бар

 Динара Амантай 18.03.2023 | 09:49
Фото: ашық дереккөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір қосымшаны PlayMarket және AppStore-да жүктеп алуға және пайдалануға болады.

Мобильді қосымшада навигациясы бар маршрутты салу функционалы қолжетімді, автожолдардың ағымдағы жай-күйі, трассалардың ашылуы/жабылуы, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары, метеожағдайлар туралы өзекті ақпарат бар.

Республикалық жолдардың бойында орналасқан жол бойындағы сервис объектілері туралы барлық өзекті ақпарат жиналды. Ақылы жол учаскелері бойынша жол жүру теңгерімін толықтыруға мүмкіндік бар.

ҚазАвтоЖолдың колл-орталығын жылдам теру функциялары, сондай-ақ байланыс орталығына ЖКО, жолдардың авариялық учаскесі, қозғалыс кезіндегі кедергі туралы мәтін, фото және видео түрінде хабарлау мүмкіндігі көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02