×

Құда түсіп, қызды үйіне алып кеткен өзбекстандық бикеш Астанада ұсталды

Мемлекетаралық іздеуде жүрген 23 жастағы өзбекстандық бикеш ұсталды

 Халық үні 17.03.2023 | 20:35
Фото: 103news.com

Өзбекстанда 21 жастағы қызға құда түсіп, кейін оның туыстарынан ақша бопсалаған алаяқ Астанада ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәлім етілгендей, елордалық полицейлер ТМД елдерімен бірлесіп 15-16 наурыз аралығында «Іздестіру» кең ауқымды операциясын өткізді. Іс-шараның бірінші күні Астана қаласының аумағында 8 қылмыскер ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың орналасқан жері анықталды.

Мемлекетаралық іздеуде болған екі шетелдіктің бірі – өзбекстандық әйел.

«Мемлекетаралық іздеуде жүрген 23 жастағы өзбекстандық бикеш ұсталды. Ол құда түсіп, 21 жастағы қызды үйінен алып кеткен. Кейін бопсалау арқылы оның туыстарынан ақша талап еткен», - делінген хабарламада.

Ал Өзбекстанның 42 жастағы азаматы алаяқтық жасап, елордада бой тасалап жүрген. Ол Самарқан қаласында ер адамды жұмысқа орналастыруға уәде етіп, 1,4 млн сом ақшасын иемденіп кеткен.

Қазіргі уақытта аталған екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама