×

Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлі де өзекті – БҰҰ өкілі

БАҚ бостандығын қорғау үшін ауқымды жұмыс жүргізілуі керек

 Дәурен Ерболат 17.03.2023 | 19:20
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлі өзекті күйінде қалып отыр. Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлі өзекті күйінде қалып отыр. Қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық – алаңдатарлық жайт. Алдағы уақытта (бұл мәселе – автор) заңда көрініс табады деп үміттенемін, - деді Фолькер Тюрк Астанада өткен брифингте.

Оның пікірінше, елімізде сөз бостандығы қамтамасыз ету үшін әлі жұмыс істеу қажет.

«Қоғамдық өмір, бейбіт жиналыс, сөз бостандығы, БАҚ бостандығы және қауіпсіздік, журналистерді қорғау – ауқымды жұмыс жүргізуді талап ететін салалар. Халықаралық құқық стандарты – даму үшін маңызды нұсқаулық», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссар қаңтар оқиғасын жан-жақты тергеуді ұсынған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама